Көкпекті ауылы Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауына алынды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкпекті ауылы Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауына алынды (ВИДЕО)

31.03.2014
Көкпекті ауылы Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауына алынды (ВИДЕО)

Қарағанды облысы Көкпекті ауылы Төтенше жағдайлар министрлігінің толық бақылауына алынды. Қазір оқиға орнында облыстық департамент қызметкерлері құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көкпектіге облыс әкімі мен Төтенше жағдайлар министрі де келді.
 
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Бүгін, түнгі сағат 01.30 шамасында Қарағандыға іргелес жатқан Көкпекті ауылы маңындағы су бөгеті жарылып, ауылдағы 300-ге жуық үйді су басты. Төтенше жағдайлар қызметкерлері судан 4 адамның мәйітін алып шықты.  Құтқарушылар оқиға туралы хабар түскен сәттен бастап, аймақты жіті бақылауға алды. Су басу қаупі басым аймақтағы 300-ге жуық адам ауылдағы орталық мектепке көшірілді. Оларға ыстық тамақ пен киім-кешек беріліп, жедел жәрдем қызметкерлері  медициналық көмек көрсетуде. Қазіргі уақытта арнайы штаб құрылды. Шығын көлемі анықталады.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу