Ақтөбе облысы Әйке ауылының тұрғындарына дәрігерлер жан-жақты көмек көрсетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысы Әйке ауылының тұрғындарына дәрігерлер жан-жақты көмек көрсетіп жатыр

09.04.2024

Ақтөбе облысы Әйке ауылының дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері Жүргенев ауылының 530 тұрғынын аудан орталығына қайықпен эвакуациялауға көмектесті. Олардың арасында қарттар мен балалар, жүкті әйелдер бар. Ал Ақмола облысындағы Красный Яр ауылының медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының дәрігерлері Қызыл Жұлдыз кентіне көмек көрсетуге барды. Терапевт және кардиолог дәрігер елдімекен тұрғындарын қарап-тексеріп, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, дәрігерлер 16 отбасына азық-түлік берді.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу