Сотқа жүгіну тәртібі жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сотқа жүгіну тәртібі жеңілдейді

25.04.2014
Сотқа жүгіну тәртібі жеңілдейді
Енді сотқа арыз жазу немесе жазылған арызға қарсылық білдіру электронды түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Сот отырысына шақырту да СМС-хабарлама түрінде жіберілмек.
 
Жаңадан әзірленген Азаматтық іс жүргізу Кодексінің жобасында осы мәселеге басымдық берілген. Мұның бәрі қарапайым халықтың сотқа жүгіну тәртібін оңтайландыруды көздейді.
 
Сондай-ақ, азаматтық істерді сотқа жеткізбей-ақ, бітімгершілік жолмен шешу мәселесі де күнтәртібінде тұр. Өйткені республикалық соттарда жыл сайын 700 мыңдай азаматтық іс қаралады екен. Оның 70 мыңы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі заңсыздықтарға байланысты. Өзара бітімгершілікпен шешуге болатын бұл істер сот қызметінің жүктемесін тым арттырып жібереді.
 
Нұржан Қайыпжан, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:
Азаматтар өздерінің құқықтары мен міндеттері бұзылды деп санайтын болса, бірден сотқа жүгіну көрсетілген. Ал, жаңа жоба бойынша алдымен бітімгершілікке келу мәселесін шешіп алуы керек.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу