Бітімгершілік – ізгілікті іс

14.02.2017
Былтыр азаматтық істердің 2000-нан астамы сотқа жетпей, бітімгершілікпен аяқталды. Мәселен, некеге, сақтандыруға қатысты, қарыз беру мен көршілер арасындағы дау-дамайлар бейбіт жолмен шешіле бастаған. Мамандардың пікірінше, медиация туралы жаңа жобаның берері көп. Бірінші кезекте айлап, тіпті, жылдап созылатын сот процесін болдыртпайды. Ал, бұл ретте судьялардың жұмысы жеңілдейді, себебі, ізгілікті істің арқасында қаралатын даулар доғарылмақ.


Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу