Елімізде қосымша құн салығын қайтару тәртібі жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қосымша құн салығын қайтару тәртібі жеңілдейді

10.06.2022

Астық өндірушілер үшін қосымша құн салығын қайтару тетіктері жеңілдейді. Бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері баспасөз алаңында осылай деді.

Бұған дейін Ресейден импортталып келген бидай сұр схемамамен өзге елдерге өткізіліп келген. Мұндай заң бұзушылықтарға жол бермес үшін комитет «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп осындай жобаны қолға алды.

Қазіргі уақытта 20 салық төлеуші осы жобаға қатысуда. Енді қосымша құн салығын қайтару уақыты қысқарады. Бұрын 5 ай болса, қазір 3 айдың ішінде қайтарылады. Сондай-ақ ақпараттық база құрылды. Енді алқаптан шекараға дейін бидайдың жеткізілуі ғарыштан қадағаланады.

Нәтижесінде кәсіпкерлер есеп-қисап тапсырып әуре болмайды. Жобаға импорттаушылар, өндірушілер, бидай экспорттаушылары мен олардың жабдықтаушылары қатыса алады. Болашақта ұн мен құс етін өндірушілер де бұл қатарға қосылуы мүмкін. Жалпы, астық экспорттаушыларға 2 жылдың ішінде 127 млрд теңге қосымша құн салығы қайтарылған

Әзімшайық Еділ, Мемлекеттік кірістер комитеті қосымша құн салығын әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары:
Бұл нарықта салық төлемейтін ортадағы артық жабдықтаушы тізбегіндегі қажет емес тізбектерді алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бидай өндірілгеннен бастап экспортталғанға дейінгі жолды қадағалауға мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу