Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы суытады

22.04.2014
Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы суытады
Бүгін Семейде қар аралас жаңбыр жауды. Сынап бағанасы минус 5-ті көрсетіп, қала тұрғындарын әбден әбігерге салды. Мамандардың айтуынша, шығыстағы тұрақсыз ауа райы алдағы екі күн бойы сақталмақ. 
 
Одан бөлек, еліміздің бірқатар аймағында да ауа райы күрт суытады. Қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел тұрады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында ауа температурасы түнде -5, кей жерлерде -8 градусқа дейін төмендейді.
 
Ал, Алматы мен Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Астанада да ауа-райы тұрақсыз. Мұнда бүгін жаңбыр жауып, қатты жел тұрады.   
 
Алуа Саханова , Қазгидромет орталығының инженер-синоптигі:
Бүгін түнде Қазақстанның көп аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болады.Тек шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстан, яғни Алматы облысы бойынша түнде жауын шашын, қар аралас жаңбыр күтіледі.Алматы қаласы бойынша бүгін түнде территорияның басым аумағында жауын-шашын.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу