Атырауда дауыл ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті

Атырауда қатты жел тұрып, бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, секундына 25 метр жылдамдықпен соққан жел бір күннің ішінде облыс бойынша 7 нысанға едәуір залалын тигізген.
Балықшы кенттік округіндегі терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен көпқабатты үй де табиғаттың «тосын мінезіне» төтеп бере алмады.
Сондай-ақ, желдің қатты екпінімен ұшқан қаладағы жеке компаниялардың бірінің шатыры ғимарат алдындағы 3 жеңіл автокөлік пен бір шағын автобустың үстіне түсті.
Дауыл Жұмыскер елді мекеніндегі аялдаманы да құлатқан. Зардап шеккендер жоқ.
Марат Құрманов, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Атырау қаласы бойынша 6 жағдай, ал біреуі Құлсары қаласында тіркелді. Онда мектептің шатыры ұшты. Мұндағы жағдай қазір анықталып жатыр. Барлық нысандарда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеуде.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03