Баға жергілікті биліктің бақылауында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баға жергілікті биліктің бақылауында

14.02.2014
Баға жергілікті биліктің бақылауында
Баға бақылаудан шықпайды. Валюта бағамының өзгеруі ақтаулықтарды  алаңдатпай қоймады. Қаржы биржасындағы қалтарыстарды қалт жібермеуге бұл шаһардың да сауда нүктелері барын салуда.
 
Олардың қай-қайсысы болмасын бағаны өсіріп әлек. Алайда,  қала әкімі Еділ Жаңбыршин кәсіпкерлер мен әкімдіктің бөлім басшыларын жинап, апта соңына дейін мониторингті күшейтуді тапсырды.
 
«Бақылау көтерме және бөлшек саудамен айналысатын тұлғаларға тікелей қатысты. Әсіресе, азық-түлік пен дәрі-дәрмек  бағасының аспандап кетуіне жол берілмейді»,- деді әкім.
 
«Ақша айырбастау пункттерінің де шектен шықпауы назарда болмақшы. Тапсырмаға бағынбаған кәсіпкер лицензиядан айырылуы әбден мүмкін»,- дейді ол. 
 
Еділ Жаңбыршин, қала әкімі:
Бағаны қатаң бақылауда ұстаймыз. Егер қай жерде бағаның өсуі байқалса, қатаң шара қолданамыз. Егер баға құбылса, барлық аудандарға әсер етеді. Сондықтан, артығымен сақталған тауарларды бүгінге дейін қандай бағамен сатсаңыздар, дәл солай ұстайсыздар.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу