Тоқаевтың сынына ұшыраған «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаевтың сынына ұшыраған «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

16.04.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық және жергілікті жолдардың сапасын жеке бақылауында ұстайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жариялады.

«Үкіметке жолдардың жағдайын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды»,-делінген жазбада. 

Хабарламаларға жазылу