Ауған соғысының аяқталғанына – 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауған соғысының аяқталғанына – 25 жыл

07.02.2014
Ауған соғысының аяқталғанына – 25 жыл
Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толады. Қайсібіреу үшін қасіретті, енді біреу үшін қастерлі естелік жылдарды еске алу үшін жер-жерде жиындар, сол соғыстың ардагерлерімен кездесулер өткізілуде. Сондай басқосудың бірі - бүгін, Астанадағы Мемлекеттік мұрағатта өтті.
 
10 жылға созылған Ауған соғысына 23 мыңнан астам қазақстандық қатысқан екен. Қан майданда 900-ге жуық сарбазымыз бен офицерімізден айырылыппыз. Аман қайтқандарының да саны сиреп барады. Бар-жоғы 10 мың кісінің айналасы.
 
Ендігі міндетіміз - соғыс көрген ағаларымызды қал-қадірінше құрметтеу. Сондай-ақ, бұл аға толқын өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде өте зор рөлге ие. Осы мүмкіндікті қалт жібермеуіміз керек. Жиынға қатысқандар бұрыннан айтылып келе жатқан ұсынысты осы жиында тағы да бір еске түсірді. Ол Ауған соғысы ардагерлерінің мәртебесін анықтау. 
 
Бақытжан Ертаев, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант:
Жастар көрген кезде  міне, соғыс көрген деп сүйсінуі керек. Ол үшін статус керек. Бүкіл Қазақ елі қалай қарайды? Соғысқа қатысқан деп қарайды. Қайда болмасын, патриоттық дәріс оқыса да, сөзі өтімді болады. Беделі өседі.
 
Ғалымжан Шарапатов, Павлодар қалалық Ауған ардагерлерінің төрағасы:
Өзіміз мектептерде, колледждерде балалардың арасында, әскери бөлім командирлерімен келісіп, әскери патриоттық жарыс өткіземіз. Күрестіреміз. Сол жарысқа қатысып жүрген 100 баладан он шақтысы әскери училищеге түсемін десе, біздің жоспарымыз орындалды деген сөз.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу