Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына - 25 жыл

13.02.2014
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына - 25 жыл
 
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына - 25 жыл. Осыған орай бүгін Алматының Жетісу ауданында әскери-патриоттық шара өтті. №148 мектеп-гимназияда салтанатты кеш ұйымдастырылып, оған аудан мектептерінің оқушылары мен Ауған соғысының ардагерлері қатысты.
 
Алдымен, Отан қорғау жолында мерт болған есіл ерлерді еске алып, соңынан Ауған соғысы туралы бейнефильм көрсетілді. Сұм соғыстағы қаруластарының ерлік істерін айтқан аға буын, жас ұрпаққа тәуелсіз елдің тірегі болыңдар десті.
 
Кеште сондай-ақ, патриоттық әндер шырқалып, күні кеше алғаш «Ана жүрегі» төсбелгісімен марапатталған Ауған соғысының батыры - Серік Үркімбаевтың анасына айрықша құрмет көрсетілді.
 
Бейқұтқан Үркімбаева, Ауған соғысы ардагерінің анасы:
Еліміз дамып, жұрт тыныш болсын. Енді ешқандай соғыс болмасын.  Еліме разымын, халқыма разымын. Соғыс болмасын, ешқандай ана жыламасын, бала жыламасын.
 
Марат Сайбеков, Жетісу аудандық «Шапағат» мүгедектер мен Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық қорының төрағасы:
Елбасы өзінің Жолдауында патриоттық тәрбиеге айрықша мән береді. Өйткені ел ертеңі - болашағымыз балалардың қолында. Ісімізді жалғастырып, Қазақ елін әлемге танытатын да жас ұрпақ. Ал, тарихты, кешегісін білмей өскен балада болашақ болмайды. Сондықтан, аға буын, оқушылар бойынан қазірден Отанды сүю, жерді, елді құрметтеуді сіңіруіміз қажет.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу