Алматы облысының жолдарында қалың түскен қардан қозғалыс шектелді. Алматы-Астана, Алматы-Көкпек бағытында жолдар жабылса, Талдықорған-Үшарал жолында жүк көліктеріне шектеу қойылды.
Қолайсыз ауа райынан көптеген көліктер жол жиегіне шығып кетсе, кейбірі қар астында қалуда. Төтенше жағдай қызметкерлері Үшарал-Достық бағытында қарға көміліп қалған 13 автокөлікті шығарып, 17 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.
Ал Сарқан қаласында өрт сөндіру қызметінің мамандары Алматыдан Өскеменге шыққан автобустың жолаушыларына көмек көрсетті. 27 адам сапарларын жол толғамайтын «Урал» автокөлігімен жалғастыруға мәжбүр болды.
Ғани Қамбаров, Сарқан аудандық ТЖБ-нің бас маманы:
Тоқтап қалған автобустың 27 жолаушысы қазіргі уақытта Үшарал қаласына жеткізілді. 27 жолаушының ішінде 20 ер адам, екі науқас және екі жүкті әйел болды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ