«Медеу-Шымбұлақ» жолында қозғалыс шектелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Медеу-Шымбұлақ» жолында қозғалыс шектелді

26.10.2023

«Медеу-Шымбұлақ» жолына тастар құлауы мүмкін. Сондықтан қазір бұл аумақта апаттың алдын алу жұмыстары басталып, автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, аймақта тастардың құлауынан және қар көшкінінен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту және тосқауылдарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Шаруаға 11 техника мен 50 адам жұмылдырылған.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу