Еліміздің бірқатар аймақтарында ақтүтек боранға байланысты жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірқатар аймақтарында ақтүтек боранға байланысты жолдар жабылды

23.02.2022

Кешелі бері еліміздің бірқатар аймақтарында ақтүтек боранға байланысты жол жабық. Алматы облысының Үшарал-Достық тас жолында қатты желге байланысты көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылды. Желдің екпіні қатты болғаны соншалық Ырғайты учаскесінде жүк көлікті тіркемесімен аударып жіберген.

Сондай-ақ, Павлодар облысында тәртіп сақшылары боранда қалған көліктерге бағыт бағдар көрсетіп, шығарып салған. Екі полиция қызметкері кезек-кезек 35 шақырымды жаяу жүрген .

 Ал Орал-Атырау тас жолында қалың тұманға байланысты қозғалыс толықтай шектелді.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу