Шымкент колледжінде оқушыларға оқ атқан күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент колледжінде оқушыларға оқ атқан күдікті ұсталды

16.01.2014
Шымкент колледжінде оқушыларға оқ атқан күдікті ұсталды
Шымкентте 16 жастағы жеткіншекке оқ жаудырған күдікті қамауға алынды. 18 жастағы жасөспірім Тараз қаласында ұсталды. Ол оқыс оқиғадан кейін бой тасалап, сонда туыстарының үйінде жасырынған.
 
Тексеру барысында күдіктінің ешқандай білім ордасында тіркелмегендігі және жұмыссыз екендігі анықталды. Сондай-ақ, оның осы оқиғаға қатысы бар 4 сыбайласы да қолға түсті. Оның екеуі - 1995, екеуі -1996 жылғы жасөспірімдер. Күдіктілердің айтуынша, жазым болған жеткіншек оқыс оқиғаның жазықсыз құрбаны болды. Қазіргі уақытта 16 жастағы жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
 
Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Шымкентте талтүсте жасөспірімдерге оқ атылып, 16 жасар жеткіншек қаза болды. Кейін анықталғандай, марқұмның есімі Рамазан Лесбеков екен. Қытайда білім алатын ол оқиға орнына достарымен кездесуге келген.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу