Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатының күміс жүлдегері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

22.03.2019
Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Мәнерлеп сырғанаудан Сайтамада (Жапония) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль алды.

22 наурызда өткен негізгі бағдарламада Тұрсынбаева төрт айналым сальхов элементін секірді. Ол төрт айналым элемент секірген алғашқы әйел мәнерлеп сырғанаушы ретінде тарихқа енді. Бұған дейін мәнерлеп сырғанау тарихында әйелдер арасында ешкім төрт айналым элемент секірмеген.

 Қос бағдарлама нәтижесі бойынша отандасымыз 224,76 ұпай жинады.

Хабарламаларға жазылу