Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

10.01.2014
Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Словакияда мәнерлеп сырғанаудан 2-6 қаңтар аралығында өткен «Жаңажылдық Словакия кубогы» атты халықаралық турнирде Қазақстанның намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева чемпион атанды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Додаға жалпы 10 мемлекеттен 14 спортшы қатысқан.

Элизабет - мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның үш дүркін чемпионы және бірнеше рет халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған.

Осыған дейін жасөспірімдер арасында сынға түсіп келген Элизабет Тұрсынбаева алғаш рет Братиславада жастар арасындағы жарысқа қатысты. Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтерген жерлесіміз осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.

Енді Элизабет наурыз айында Болгарияда өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына және Әлемдік Гран-при додасына қатысуды көздеп отыр.

Хабарламаларға жазылу