Месси алтыншы мәрте «Алтын допты» алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Месси алтыншы мәрте «Алтын допты» алды

03.12.2019
Месси алтыншы мәрте «Алтын допты» алды

Парижде France Football журналының ұйымдастыруымен футболдан соңғы бір жылда толағай табысқа жеткен спортшыларды марапаттау шарасы өтті. Салтанатты шарада «Алтын доп», «Копа Трофи» және ең үздік қақпашыға берілетін Лев Яшин атындағы жүлде табысталды.

2019 жылғы «Алтын допты» биыл «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси иеленді. Ол бұл марапатты осымен алтыншы мәрте жеңіп алып, португалиялық Криштиану Роналдудан озды.

Ал «Копа Трофи» жүлдесі «Ювентус» қорғаушысы Маттейс де Лигтке берілді. Сонымен қатар, Лев Яшин атындағы жүлде «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Беккерге табысталды. Өткен жылдың ең үздік әйел футболшы атағы АҚШ ойыншысы Меган Рапиноға бұйырды.

Фото: EPA/Vostock-photo


Хабарламаларға жазылу