Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында дзюдошы Бекарыс Сәдуақас алтын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында дзюдошы Бекарыс Сәдуақас алтын иеленді

10.10.2018

17 жастағы Бекарыс Сәдуақас Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бекарыс грузин спортшысы Илиа Сулуманидзені қосымша уақытта жеңіп кетті. Ал, 78 келіде жерлесіміз Маргарита Гриценко шешуші белдесуде неміс дзюдошысы Рафаэлла Иглдан жеңіліп, күмісті місе тұтты.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу