Нанкин – 2014. Қазақстандық велокоманда 5-ші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нанкин – 2014. Қазақстандық велокоманда 5-ші орын алды

24.08.2014
Нанкин – 2014. Қазақстандық велокоманда 5-ші орын алды

Бүгін Нанкинде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ Олимпиада ойындарында қазақстандық велокоманда командалық бәйгеге (аралас эстафета) қатысқан болатын.

Қазақстан құрамасының велошабандоздары (Татьяна Генелева, Нұрғали Түребеков, Григорий Штейн және Виктория Пастернак) 18:02 нәтижесін көрсетіп, үшінші орын иеленген Украина спортшыларынан 3 секунд қалып қалды. Осыған қоса, төртінші болып Жапония спортшылары келді.

Ал, Олимпиаданың алтын медальын Чехия, күміс медальды италиялық велошабандоздар иеленді.

Хабарламаларға жазылу