Зульфия Ғабидуллина еркін жүзуден үшінші алтынды қоржынға салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зульфия Ғабидуллина еркін жүзуден үшінші алтынды қоржынға салды

09.10.2018

Индонезияда өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында үш бірдей спортшымыз  алтыннан алқа тақты. Елімізді бірінші болып қуантқан Сиязбек Дәлиев. Ол баттерфляй әдісімен 50 метрді 37 бүтін жүзден 40 секундта жүзіп өтті. Осылайша, Вьетнам мен Малайзия өкілдерін артта қалдырған болатын. Сиязбек бала күнінде тоққа түсіп қос қолынан айырылған. Ал 100 метрге еркін жүзуден Ержан Сәлімгереев үздік танылды. Ержан 12 бүтін жүзден 22 секундпен Қытай мен Филиппин спортшыларын шаң қаптырды. Жаңа ғана  спортшымыз Зульфия Ғабидуллина еркін жүзуден үшінші алтынды қоржынға салды. Сонымен, Қазақстан қоржынында 3  алтын, 4 күміс пен 5 қола жүлде бар. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу