Қазақстандық әнші Диана Шарапова Головкинге арнап бейнебаян түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әнші Диана Шарапова Головкинге арнап бейнебаян түсірді

06.09.2016
Қазақстандық әнші Диана Шарапова Головкинге арнап бейнебаян түсірді

Әнші Диана Шарапова Головкин-Брук жекпе-жегі қарсаңында қазақстандық боксшыға қолдау көрсету мақсатында Gena King атты әнге бейнебаян түсірді.  

Аталған бейнеклиптің түсіріліміне Рио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған спортшылар қатысқан. Олардың ішінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов, таэквондошы Руслан Жапаров, боксшы Олжас Сәттібаев және де жүзуден әлемнің 11 дүркін рекордшысы, 2016 жылғы Паралимпиада ойындарындағы Қазақстанның басты үміті саналатын Зульфия Ғабидуллина бар. 

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Келл Брук арасындағы жекпе-жек 10 қыркүйек күні Лондон қаласында өтеді. Бұл кездесуді «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады. 

Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Брук жекпе-жегіне орай, kaztrk.kz сайты байқау жариялаған болатын. Байқау шарттарымен толығырақ мына жерде таныса аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу