Қазақ палуандары Азия біріншілігінен 5 алтын медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ палуандары Азия біріншілігінен 5 алтын медаль иеленді

24.02.2020

Спорттық дода Нью-Дели қаласында өтті. Қазақстан құрамасы 19 медальмен командалық есепте үшінші орынға жайғасты. 

Грек-рим күресінен палуандарымыз 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальге қол жеткізді. Еркін күрестен 2 спортшымыз чемпион атанды. Ал әйелдер құрамасы араға алты жыл салып, 2 алтын медальді қоржынға салды.

Күрестің үш түрінен өткен Азия біріншілігінде қазақ спортшылары 5 алтын, 2 күміс, 12 қола медальді қанжығаға байлады. 

Хабарламаларға жазылу