Ақтауда триатлоннан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда триатлоннан жарыс өтті

25.09.2018

Ақтауда триатлоннан «TEMIRADAМ» Қазақстан кубогының финалы өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 20 кәсіби спортшы қатысты. Олар Каспий теңізінде 1500 метрге жүзіп, 40 шақырым жерді велосипедпен жүріп өтіп, 10 шақырым қашықтыққа жүгірді.

Нәтижесінде кәсіби дайындығы жоғары әрі епті 10 спортшы Қазақстан құрамасына енді. Триатлоннан жарыс Ақтауда алғаш рет өткізілді. Мұндағы мақсат - ішкі туризмді дамытып, тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту. 

Сабыржан Қосақ, триатлоннан Қазақстан кубогінің жүлдегері /Шымкент қаласы/:

- Үздік атанғаныма қуаныштымын. Өте қиын болды. Биылға 2-ші мәрте мәреге бірінші болып келдім. Бұйырса, Гонконгқа жарысқа кетемін. Дайындық жаман емес.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу