Нұр-Сұлтанда қысқы триатлоннан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда қысқы триатлоннан жарыс өтті

22.02.2021

Нұр-Сұлтанда қысқы триатлоннан жарыс өтті. Бұл бәсеке ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түпірінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Мұнда кәсіпқойлармен қатар әуесқой спортшылар да шеберліктерін шыңдап көрді. Қатысушылар жүгіруден 2 шақырым, веложарыстан 3 және шаңғы жарысынан 2,5 шақырымда бақтарын сынады. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтағандар медальдарға ие болды. Ал жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді алдағы күндері елорданың триатлон федерациясы марапаттайды.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу