Жеңіл атлет Ольга Рыпакова елге оралды. Даңқты спортшыны жерлестері Өскемен әуежайынан сән-салтанатпен қарсы алды. Азия ойындарында «алтын» алып, Чехиядан да жүлдемен қайтқан чемпионға құттықтау айту үшін әуежайға жүздеген адам жиналыпты.
Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген Ольга Рыпакова таяуда ғана Азия ойындарының 4-ші мәрте чемпионы атанды. Оны қарсы алуға облыстық спорт басқармасының басшылығы, спортшылардың туған-туыстары мен әріптестері түгел келді.
Олардың барлығы дәл осындай бірлікпен маңызды сәттерде Ольгаға жеңіс тілеп, жанкүйер болған жандар. Жерлестері спортшы қызды кезекті жеңісімен құттықтап, құшағын гүлге толтырды.
Ольга Рыпакова, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы:
-Мен жеңуім керек деп өз алдыма мақсат қойдым. Жарысымыз Қазақстанда Конституция күні тойланып жатқан күні өтті. Сондықтан, мен осы жеңісімді өзімнің еліме арнадым.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.