12-ші алтын. Азия ойындарында самбошы Бағлан Ибрагим чемпион атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12-ші алтын. Азия ойындарында самбошы Бағлан Ибрагим чемпион атанды

31.08.2018

Самбодан 52 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Бағлан Ибрагим бүгін ел қоржынына 12-ші алтынды салды. Финалда ол моңғолиялық қарсыласын 4-0 есебімен ұтып, алтын медаль иеленді. Сондай-ақ, самбодан ерлер арасында Бейімбет Қанжанов күміс медаль тақты. Ал, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айжан Жылқыбаева қарсыласын 4-0 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді. Дзюдодан 78 келі салмақта бақ сынаған Гүлжан Исанова да қола медальді еншіледі. Осылайша, ел құрамасы жалпыкомандалық есепте 12 алтын 11 күміс, 41 қола медальмен 9-шы орынға көтерілді.

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу