Инчхон-2014. Қазақстан әйелдер құрамасы стендтік оқ ату жарысында 4-ші орын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстан әйелдер құрамасы стендтік оқ ату жарысында 4-ші орын иеленді

27.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстан әйелдер құрамасы стендтік оқ ату жарысында 4-ші орын иеленді

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында әйелдер арасында стендтік оқ атудың скит бағдарламасында (дөңгелек стенд) медальдар сарапқа салынды.

Қытай құрамасының қыздары Азия ойындарының рекордын орнатып, чемпион атанды. Оңтүстік Корея елінің споршылары күміс, Таиланд мергендері қола жүлде иеленді.

Қазақстан құрамасы (Жания Айдарханова, Ангелина Мищук, Эльвира Акчурина) 194 ұпаймен 4-ші орынды иеленді.

Стендтік оқ ату.  Скит. Әйелдер. Командалық жарыс. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)

1. Қытай — 208 — Азия ойындарының рекорды

2. Оңтүстік Корея — 206

3. Таиланд — 198

 

4. Қазақстан — 194.

Фотода: Жания Айдарханова

Хабарламаларға жазылу