Азиада-2018. Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада-2018. Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын иеленді

19.08.2018
Азиада-2018. Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын иеленді

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті. Семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына алғашқы алтын медальды салды.

Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дмитрий Алексанин финалдық бәсекеде Рио Олимпиадасының чемпионы Сан Ен Пакты жеңді. Қорытынды есеп - 15:12. Айта кетейік, жартылай финалда Алексанин Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Джунг Джинсуннан басым түскен болатын.

Хабарламаларға жазылу