Азиада-2017. Сергей Ткаченко трамплиннен секіруден қола жүлде иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада-2017. Сергей Ткаченко трамплиннен секіруден қола жүлде иеленді

22.02.2017
Азиада-2017. Сергей Ткаченко трамплиннен секіруден қола жүлде иеленді

Қазақстандық шаңғышы Сергей Ткаченко Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиада-2017 ойындарының тағы бір медалін қоржынға салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол қола медаль жеңіп алды.

Ткаченко трамплиннен секіруден 238,0 нәтижесін көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл жарыста алтын медальді жапон спортшысы Юкия Сато (254.0) алса, күміс медаль оның отандасы Юкен Ивасқа (251.0) бұйырды. 

Осы спорт түрінен қазақстандық Марат Жапаров - жетінші орында (198.5), Сабыржан Мүмінов пен Константин Соколенко - тоғызыншы орынды иеленді (178.5).

Хабарламаларға жазылу