«Атырау» волейбол командасы Мьянма елінде өткен Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атырау» волейбол командасы Мьянма елінде өткен Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды

13.08.2018

Жеңімпаздарды Атырау халықаралық әуежайынан жанкүйерлері мен туыстары салтанатты түрде күтіп алды. Байрақты бәсекенің іріктеу кезеңінде Ирандық «Эрдекан» командасынан жеңілген спортшыларымыз екінші ойында жапондық құраманы 2-3 есебімен тізе бүктірген. Ширек финал мен жартылай финалда оқ бойы оза шапқан атыраулық волейболшылар сайыс қорытындысымен екінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ, команда ойыншылары Роман Хандролин «ең үздік пас беруші» және Айбат Нейталин «ең үздік ойыншы» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. 

Роман Хандролин, «Атырау» облыстық волейбол командасының капитаны: 

- Сайыс өте тартысты болды. Құрама жақсы ойын көрсетті. Біз мұнымен шектелмейміз. Алдағы уақытта белестерді бағындырып, көк Туымызды желбіретеміз деп нық сеніммен айта аламын. Бізді қолдаған жандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Бұл жүлде Атыраудағы волейбол спортының дамуына зор ықпалын тигізері сөзсіз.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу