Грэпплингтен Әлем чемпионатына іріктеу қыркүйек айында басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грэпплингтен Әлем чемпионатына іріктеу қыркүйек айында басталады

11.03.2018

Қырғыз елінде өткен грэпплингтен Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы бірінші орынды алып, елге үлкен жаңалықпен оралды. Бүгін осы жарыстың қатысушылары Азия чемпионатының күмiс жүлдегерi Қайрат Махтин, грэпплингтен Азия чемпиондары Ғалия Сейділдаева мен Әйгерім Әбілқадырова «Таңшолпан» төрінде қонақта болды. Бағдарлама барысында олар жарыстан алған әсерлері мен алдағы жоспарларын айтты.

«Ең бірінші біз Шымкент қаласындағы екі апталық іріктеуде болдық. Одан кейін 4-і күні Қырғызстанға бардық.  Жарыста 12 алтын, 12 күміс, 9 қола медаль еншіледік. Әлем чемпионатына іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Қазақстан кубогы желтоқсан айында өтіп кетті. Екінші Азия чемпионаты, үшінші «Қазақ батыры» чемпионаты өтеді. Әлем чемпионатына іріктеу қыркүйек айында басталады», - дейді Азия чемпионы Ғалия Сейділдаева.

Хабарламаларға жазылу