Алматылық оқушы әлем чемпионатынан жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық оқушы әлем чемпионатынан жүлделі оралды

20.11.2019

Алматылық Аяулым Ұлан Италияда өткен панкратионнан әлем чемпионатынан елге жүлдемен оралды.

11-сынып оқушысын әуежайдан алматылықтар мен туған-туыстары зор қошеметпен күтіп алды.  

Ол осы уақытқа дейін татамиде талай мәрте топ жарған. Қайсар қыз Рим қаласында болған дүбірлі жарыста екі қарсыласын жеңіп, финалға шықты. Чемпионаттың күміс жүлдесін жеңіп алды. 

Бауыржан Жақсымбет

Хабарламаларға жазылу