Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункаяның бокс кешіне екі күн қалды. Бүгін былғары қолғап шеберлері бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз мәслихатын өткізді. Боксшылар «Барыс-Арена» ғимаратында бірінші орта салмақта WBA (Regular) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы титулы үшін жұдырық түйістіреді. Қос тараптың жаттықтырушылары жекпе-жекке сақадай-сай екендерін айтты. Ертең Шүменов пен Алтункая салмақ өлшеу рәсіміне қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы бұған дейін 17 рет жеңіске жетіп, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал, түркиялық спортшы 30 рет қарсыласын тізе бүктірген.
Бақытжан ОМАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.