18-ші желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов польшалық Кшиштоф Влодарчикпен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18-ші желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов польшалық Кшиштоф Влодарчикпен кездеседі

13.11.2015
18-ші желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов польшалық Кшиштоф Влодарчикпен кездеседі

18-ші желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) бірінші ауыр салмақта (90,718 келіге дейін) WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) Әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (16-2, 10 КО) польшалық Кшиштоф Влодарчикпен (49-3-1, 35 КО) кездеседі.

Айта кетейік, Б.Шүменов биыл шаршы алаңға бір рет шығып, АҚШ спортшысы Би Джей Флоресті жеңген еді. Осылайша ол WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) Әлем чемпионы атанды.

Ал, К.Влодарчик өткен жылдан бастап жекпе-жек өткізген жоқ. Ол 2014 жылдың қыркүйек айында Мәскеуде ресейлік Григорий Дроздқа есе жіберіп, WBC тұжырымы бойынша атағынан айырылған болатын.

 

Хабарламаларға жазылу