«Kazsport» телеарнасы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді

18.04.2017

«Kazsport» телеарнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.

30 сәуір күні Лас-Вегас қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта WBA (Regular) нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақ санатындағы уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Аталған кездесуде WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. 

Өз кезегінде, қазақстандық кәсіпқой боксшы үшін бұл 20-шы кездесу болмақ. Ал, Юниер Дортикос өзінің кәсіби рингтегі 22-ші жекпе-жегін өткізеді.

 

Айта кетейік, бокс кеші Лас-Вегастағы «Palms Casino Resort» ойын-сауық орталығында өтеді. Трансляция Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

 

 

Хабарламаларға жазылу