Астанада триатлоннан халықаралық жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада триатлоннан халықаралық жарыс өтті

18.06.2018

Тек Қазақстан емес, БҰҰ елдері арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге әлемнің 47 елінен 1300-ден астам спортшы қатысты. Жарыс талабына сай, кәсіби спортшы болу міндет емес. Бастысы, суға жүзу, веложарыс және жүгіру сияқты үш кезеңнен үзіліссіз өтіп, мәреге жету керек.

Қатысушылардың ең кішісі 18- де болса, ең үлкені 75 жастан асқан қарт ана. Дүбірлі додада Серік Сәпиев, Александр Винокуров сияқты Олимпиада чемпиондары қатысушылардың қатарын толықтырып, жерлестеріне демеу берді. Жалпы, жеңіс тұғырынан көрінуге талпынған қазақстандық спортшылардың саны 700-ден астам. 

Руслан Тамышев, қатысушы:

- 20 жылдан бері жеңіл атлетикамен айналыссам да, триатлонға бірінші рет қатысуым. «Триатлон – темір адамдар айналысатын спорт түрі» деп бекер айтпаса керек. Алған әсерім ерекше. Қарсыластарым да мықты. Намысты қолдан бермеуге тырысамыз енді. 

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу