Алматыда балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өтті

23.08.2017

Оған Республика бойынша 40-тан аса балалар үйінен 7-10 және 11-15 жас аралығындағы 60 бала қатысты. «Пинг-понг ханшайымы» деген атауға ие болған турнирдің бүгін 2-ші туры. Финалда жеңіске жеткен 2 жас спортшы Қытайдағы үстел теннисінен кәсіби шеберлік сыныбынан өтуге жолдама алады. «Мұндай шараларды ұйымдастыру тек қайырымдылық жасау ғана емес, сонымен қатар, еліміздің туын биікке желбірететін теннисшілерді тәрбиелеу», - дейді ұйымдастырушылар. 

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу