Павлодар облысында БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтеді

13.06.2015
Павлодар облысында БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтеді

Бүгін Павлодар қаласында «Халық» радиосының ұйымдастыруымен журналист, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Сәлімбай Ермұратовты еске алуға арналған үстел теннисінен дәстүрлі турнир өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.

Сәлімбай Ермұратов – облыстық телевизия мен радиосында 20 жылдай еңбек еткен. Арда азамат облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінде Сұбыхан Шошанов, Балтабай Сейсенбеков сияқты білікті редакторлармен қатарлас қызмет еткен.

Спорттық жарыстың ұйымдастырушысы, облыстық радиосының қазақ бөлімінің жаңалықтар редакторы – Махаббат Кәмесхан.

«Турнирді өткізуге «Ертіс Медиа» ЖШС, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен Сәлімбай ағамыздың бауыры Бақытбек Ермұратов қолдау көрсетуде», - дейді М. Кәмесхан.  

 

Хабарламаларға жазылу