Керекулік көркем гимнастика шеберлері Испанияның Ллорет-де-Мар қаласында өткен халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетті. Яғни, 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль иеленді. Әлемнің 11 мемлекетінен 250 спортшы қатысқан жарысқа еліміздің Павлодар, Алматы, Атырау қалаларынан үш команда барған болатын.
Бұл жолы қазақстандық спортшылардың көрсеткіші көркем гимнастикадан озып тұрған Ресей, Израиль және испаниялық бәсекелестерінен кем түскен жоқ. Турнирге 6 жастан 18 жасқа дейінгі гимнастшылар қатысты. Ең жас спортшылар қатарында павлодарлық Амира Каменова да болды.
Болат АМАНБАЕВ