Пауло Кака «Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пауло Кака «Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті

19.05.2023

Алматылық «Қайрат» футзал клубының бас бапкер Пауло Рикардо Каканың келісімшарты аяқталып, қызметінен кетті. Қазір онда жаңа бапкер ретінде екі азаматтың кандидатурасы қарастырылып жатыр. Ақпаратты Қазақстан футбол федерациясы растады. Үміткерлердің бірі бразилиялық, екіншісі испаниялық маман. Клуб басшылығы ұзақ уақыт бразилиялық бапкермен жұмыс істегендіктен, осы жолы еуропалық маманның тәжірибесі де пайдалы болады деген пікірде. Дегенмен нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Келіссөз нәтижесі бүгін немесе ертең жарияланады. Каканың «Қайраттағы» қызметі 2018 жылы басталған. Осы аралықты әр маусым сайын клубты Қазақстан чемпионатына алып шықты. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының финалы мен жартылай финалына дейін жеткізді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу