Футзалдан Иран құрамасының шабуылшысы Хоссейн Тайеби алматылық «Қайрат» командасына ауысты, деп хабарлайды egemen.kz қазақстандық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, келісімшарт «1+1» сызбасы бойынша жасалған. Тайеби медициналық тексерістерден өтті, жуырда алматылық команданың құрамында жаттығу жұмыстарын бастайтын болады.
«Мен «Қайрат» командасымен келісімшарт жасасқаныма қуаныштымын. Себебі, «Қайрат» командасы — әлемдегі үздік команда. Ол тек жоғары нәтижелерді көрсету үшін күреседі. Мен осы команданың мүшесі болғаныма қуанамын!», — деді Хоссейн Тайеби баспасөз клубына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Колумбияда қыркүйек-қазан айында футзалдан өткен Әлем чемпионатында Иран құрамасы Португалияны басып озып, 3-орынды иеленген болатын. Иран құрамасында ойнаған Тайеби 75 матч өткізіп, 66 гол салған екен.
Фото - afckairat.kz