Биылғы маусымнан бастап футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып жатқан «Астана» футболшылары екі ойында № 2 облыстық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі командасының қақпасына жауапсыз 28 гол соқты.
Ел біріншілігінің 7-ші туры аясында өткен алғашқы ойын 16:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілсе, екінші матчта да елордалық арулар ақтөбелік команда қақпасына 12 доп соқты. Қос кездесуде Ирина Чукисова бас сұрмерген атанды.
Индира БЕКТЕНОВА