Лионель Месси «сыңарын» іздеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лионель Месси «сыңарын» іздеп жатыр

20.01.2016
Лионель Месси «сыңарын»  іздеп жатыр
Лионель Месси «сыңарын»  іздеп жатыр

Футболдан Агрентина құрамасының және испандық «Барселона» клубының ойыншысы Лионель Месси полиэтилен пакеттен форма киген «сыңарын» іздетіп жатыр. Дәлірек айтқанда, 15 қаңтар күні twitter-де жарияланған фотодағы баланы іздеуде.

Түріктің Hurriyet газетінің әлеуметтік желілердегі аккаунтында 15 қаңтарда Солтүстік Ирактағы Дахук қаласында түсірілген фото жарияланған болатын. Онда полиэтилен пакеттен Аргентина құрамасының формасын жасап, оған Мессидің атын жазған бала көрсетілген. Түрік басылымы оны «Ирактағы кішкентай баланың пакеттен жасаған Месси формасы» деген жазу болған. Осы сурет twitter-де кеңінен тарап кетті. Ал, аргентиналық футболшы қазір осы баланы іздестіріп жатыр.

Футболшы баланы табудың оңай болмайтынын да мойындаған көрінеді. Өйткені, қазір Дахук маңайында күрд жасақтары мен ДАИШ террористері арасында шайқас болып жатыр.

Жалпы, Мессиді пір тұтатын балалар әлемде аз емес. Олардың көбі даңқты футболшымен кездескісі келеді. 2015 жылдың ақпан айында Коста Рика елінде тұратын, қатерлі ісік дертіне ұшыраған Габриэль есімді бала футболшымен кездескісі келген. Алайда, ол Мессимен кездесуге бір сағат қалғанда дүниеден өтіпті. Испанияға келген бала Мадридтен Барселонаға ұшатын ұшаққа мінер сәтте өмірден озған.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу