«Алтын доп» иегері - Лионель Месси - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын доп» иегері - Лионель Месси

14.07.2014
«Алтын доп» иегері  -  Лионель Месси

Футболдан Әлем чемпионатының ең үздік ойыншысына берілетін жүлдені Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси иеленді.

Бұл турнирден аргентиналық шабуылшы 7 матч өткізіп, 4 гол соқты және 1 рет нәтижелі пас берді.

Лионель Месси барлық голын топтық кезеңде (Босния және Герценговина – 2:1, Иран – 1:0, Нигерия – 3:2) соқты.  Ал 1/8 финалда Швейцариямен (1:0) өткізген ойында Анхель Ди Марияның көзге түсуіне мүмкіндік жасады.

Хабарламаларға жазылу