7 күнге жалғасқан жарысқа әлемнің әр түкпірінен 100-ге жуық теннисші келген.
Биылғы байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ доллар. Ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Кукушкин топ жарды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы әуелде оңтүстік кореялық Юн Сонг Чунды, екінші айналымда ресейлік спортшыны, ал ширек финалда украиндық Денис Молчановты, жартылай финалда жерлесіміз Дмитрий Попконы және ақтық сында ресейлік Евгений Донскойды жеңіп, Президент Кубогын осымен екінші рет иеленді.
Ал, әйелдер арасындағы ресейлік Натела Дзаламидзе турнир жеңімпазы атанды.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ