Қазақстандық теннисшілер Australian Open-2020 турнирінің келесі кезеңіне өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисшілер Australian Open-2020 турнирінің келесі кезеңіне өтті

21.01.2020
Қазақстандық теннисшілер Australian Open-2020 турнирінің келесі кезеңіне өтті

20 қаңтар күні Australian Open - 2020 халықаралық турнирі басталды. Аталмыш додаға елімізден Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Михаил Кукушкин и Александр Бублик сынды спортшылар аттанды.

Бұрымдылар бәсекесінде бақ сынаған үш отандасымыздың үшеуі де келесі кезеңге өтті. 1/32 финалында Дияс ресейлік Блинковамен күш сынасса, Путинцева Коллинспен таласқа түседі. Ал жуырда ғана Хобартта өткен WTA турнирінің жеңімпазы атанған Елена Рыбакина бельгиялық Гретье Минненмен кездеседі.

Александр Бублик пен Михаил Кукушкин австралиялық теннісшілерге есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмады.

Хабарламаларға жазылу