Ион Андоне «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Команданың бұрынғы бапкері Владимир Газзаев Еуропа лигасындағы сәтсіздіктен кейін өз қызметінен кеткен болатын.
Румыниялық маман бапкерлік қызметін 1992 жылы бастаған.
Андоне кипрлік «Аполлон» мен «Омония», сауд-арабиялық «Аль-Иттифак», болгариялық «ЦСКА» және «Аль-Ахли» клубтарының ойыншыларын жаттықтырған.
Индира БЕКТЕНОВА