«Шахтер» футбол клубының жаңа директоры тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахтер» футбол клубының жаңа директоры тағайындалды

06.01.2015
«Шахтер» футбол клубының жаңа директоры тағайындалды

«Шахтер» ФК-ның жаңа директоры тағайындалды. Халилин Ерден Балтабайұлы өзге қызметке ауысуына байланысты бұл орыннан босатылды. Бұл қызметті Нұрғазы Жарылғапов атқаратын болды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Нұрғазы Жарылғапов 1963 жылы дүниеге келген. Бокстан ҚР Еңбек сiңiрген бапкері, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің Құрметті профессоры, мамандығы бойынша заңгер, экономист, педагог.

Нұрғазы Жарылғапов Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары бойынша кеден басқармаларын басқарған, ҚР Кеден комитеті төрағасының орынбасары болған. Қарағанды облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына жетекшілік еткен. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Шахтер» ойыншыларының негізгі құрамы мен жаттықтырушылар тобы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.

Хабарламаларға жазылу