Әлемнің үздік деген 90 бадминтоншысы Орал қаласында бас қосты. Халықаралық турнирге спортшылар дүниежүзінің 14 елінен келді.
Бұл - осы ойын түрі бойынша Орталық Азия аймағындағы алғашқы байрақты бәсеке.
Жарыс бес күнге созылады. Оның қорытындысы бойынша қатысушылар 2016 жылы өтетін Олимпиаданың жолдамасына қажет ұпай жинайтын болады.
Рауан ДИӘЛИ